БҰҰ адамзатқа төніп тұрған қауіпті атады

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, Жер шары халқының жартысына жуығы климаттың өзгеруіне байланысты қауіп-қатермен бетпе-бет келеді. Бұл туралы ол аустриялық әлемдік саммитке қатысушылар алдындағы үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда климаттық өзгерістер ықпал ететін қауіпті болдырмаудың мүмкіндігі азаюда. Біздің планетамыз 1,2 градусқа жылынды. Ал белгіленген шекті жылыну — 1,5 градус. Біз сол шектен асырмау үшін 2030 жылға қарай ауаға зиян келтіруші қалдықтардың көлемін 45%-ға дейін төмендетуіміз қажет. Ал осы ғасырдың ортасына дейін оны нөлдік деңгейге жеткізу керек», – деді ол.

БҰҰ Бас хатшысының мәліметінше, 2021 жылы энергетикалық саладағы CO2 зиянды қалдықтары 6%-ға өскен. Осы онжылдықтың қорытындысы бойынша ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар көлемі 14%-ға артады.

«Көптеген елдің билігі уақытты созып жүргенде, әрекетсіздік ауыр зардаптарға әкелуде. Климаттың өзгеруі қазірдің өзінде сезілуде. Адамзаттың жартысына жуығы қауіптің алдында тұр», — дейді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерри

Тіл болашағы — ұлт болашағы

Тіл – халықтың мәдениеті мен тарихын ұрпақтан ұрпаққа...

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...