«Қазпошта» қызметкерлері қазақстандықтардың есепшотынан 294 миллион теңге ұрлаған

Пандемия кезінде алаяқтық жолмен «Қазпошта» АҚ-дан 294 млн теңгеден асатын қаржыны қолды еткендер сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“27 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұрлық пен алаяқтық үшін сотталғандардың жазалау үкімін өзгеріссіз қалдырды. Тек олардың автокөлігіне қойылған арест күшін жойды. Себебі айыптылардың автомобильдерді қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынғаны туралы дәлел жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 сотының шешімімен Б, Ж, Д және Л 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар «Қазпошта» АҚ-дан 294 млн теңгеден асатын аса ірі көлемде қаржы ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды», – делінген сот хабарламасында.

Сотталғандар белгісіз адамдармен бірге алдын ала сөз байласып, пандемияны пайдаланып, азаматтарға екінші деңгейдегі банктерден шот ашуды және ақшалай сыйақы үшін 10 000-нан 100 000 теңгеге дейін банк карталарын сатып алуды ұсынған және деректерді белгісіз «хакерлерге» жіберген.

Хакерлер «Қазпошта» АҚ интернет-ресурсында қызметтерді пайдаланушы ретінде ресейлік IP мекенжайлардан төлем жүйесіне кіру үшін 14 аккаунтты тіркеген. Осылайша төлем операцияларын жүргізеді және «Қазпошта» АҚ шотынан ақша қаражатын есептен шығарып, оларды алдын ала дайындалған карточкалық шоттарға және ұялы операторлардың абоненттік нөмірлеріне аударған. Б, Ж және Д бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Белгісіз тұлғалар «Қазпошта» АҚ филиалдарының шалғай бөлімшелеріне қоңырау шалып, өздерін бас кеңсенің IT бөлімінің қызметкеріміз деп таныстырған. Содан соң төлем жүйесін баптау немесе жаңарту сылтауымен бөлімше операторларын жаңылыстырды, олар бөгде біреулердің берген нұсқауларын орындай отырып, іс жүзінде ақша қаражатын есептен шығару бойынша заңсыз операциялар жүргізді. Кейін олар ұрланған қаржыны қолма-қол ету үшін басқа шоттарға ауыстырды.

Ұрылар қаржының бір бөлігін карточкалық шот арқылы шешіп алған. Ал қалған бөлігі криптовалюта сатып алуға бағытталған. «Қазпошта» АҚ келтірілген залалды өтеу мақсатында сотқа жүгіну туралы шешім қабылдады.

Точка юридической истины 

В НАЧАЛЕ 2026 ГОДА В НОТАРИАЛЬНОМ СООБЩЕСТВЕ КАЗАХСТАНА ПРОИЗОШЛО...

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...