ҚАЖД басшылығы қаза болған қызметкердің отбасына барды

Жаңа жыл қарсаңында, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің басшылығы қаза болған әділет прапорщигі Ербол Ержановтың отбасына барды. ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов, қызметкердің жұбайына ІІМ министрі Марат Ахметжановтың құттықтау жеделхатын табыс етті. Сондай-ақ, отбасына сыйлықтар апарылды.

Ербол Ержанов ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарды. Ол жас қызметкерлерге тәлімгер болды және екі баланы тәрбиелеп отырған кәсіби, адал қызметкер ретінде көпке үлгі болды.

Ағымдағы жылдың 7 қаңтарында, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болды. Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін, ||| дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...