12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Азаптау жағдайларын тиімді тергеуді қамтамасыз ету»

2024 жылғы 27 маусымда ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің, «Талдықорған құқық қорғау орталығы» ҚБ, Қазақстанның азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының және «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» ҚБ қатысуымен «Азаптау жағдайларын тиімді тергеуді қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына құқық қорғау және сот органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің, адвокатура институтының, ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының, құқық қорғау ҮЕҰ, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ құқықтанушы ғалымдар қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушыларға ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы, Елші Йоханнес Баур, Талдықорған құқық қорғау орталығының директоры Виктор Тен және «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро» ҚБ директорының орынбасары Роза Ақылбекова құттықтау сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстелде» Қазақстанда азаптау жағдайларын тиімсіз тергеуге ықпал ететін азаптауларды тергеу кезіндегі құқық қолдану практикасын және нормативтік себептерді талдау нәтижелері, сондай-ақ оны адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға және Азаптауға қарсы конвенция мен Стамбул хаттамасының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында қолданыстағы заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсынымдар талқыланды.

Мысалға, өз сөзінде Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша елде азаптаумен және қатыгездіктің басқа да түрлерімен байланысты құқық бұзушылықтарды жою жөнінде қажетті шаралар қабылданғанын, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап прокуратура органдарына заңнамалық деңгейде азаптауларға қатысты барлық істерді тергеуді жүргізу өкілеттігі берілгенін атап өтті.

Прокурорлар Стамбул хаттамасында белгіленген халықаралық стандарттарға сәйкес азаптау істерін жылдам және бейтарап тергеуді қамтамасыз етеді. Мұндай тергеуді қамтамасыз ету үшін прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы нұсқаулық қабылданды (Бас Прокурордың 31.12.2022 ж. № 264 бұйрығымен бекітілген).

Еліміздің барлық өңірлерінде арнайы мобильдік топтар құрылды, олар азаптау туралы сигнал түскен кезде қылмыс жасалған жерге баруды жүзеге асырады, шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізеді.

2023 және 2024 жылдары прокурорлар азаптау туралы тергеп-тексерілетін істер шеңберінде ҚПК-нің 200-бабы тәртібімен уәкілетті органдардың атына қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 107 ұсыныс енгізді. Тәртіптік жауапкершілікке 123 адам тартылды, оның ішінде 45 басшы бар.

2023 жылғы 10 мамырда Қазақстанның төртінші кезеңдік баяндамасын талқылау нәтижелері бойынша қабылданған БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің қорытынды ескертулерін іске асыру шеңберінде Үкімет аталған Комитеттің ұсынымдарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдауда.

Мәселен, мемлекеттік органдар азаптауды айқындау бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауда, Парламент Мәжілісінің қарауына «Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы енгізілді.

Заң жобасында Қылмыстық кодекстің 50, 63, 72 және 73-баптарына азаптаулар жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды міндетті түрде тағайындай отырып, құқық қорғау және арнаулы органдарда лауазымдарға орналасуға өмір бойы тыйым салу; азаптағаны үшін сотталғандарға шартты түрде соттауды, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруды не тағайындалған жаза мерзімін қысқартуды қолдануға тыйым салу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар көзделген.

Сондай-ақ БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің ұсынымын іске асыру шеңберінде және азаматтардың құқықтарының қорғалу кепілдіктерін арттыру мақсатында қазақстанның құқық қорғау органдарының басшылары қылмыстық процесте және жазаны орындау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқық нормаларын одан әрі имплементациялаудың, сот төрелігі жүйесі мен соттан тыс құралдарды қоса алғанда, Қазақстанда адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетіктерін жетілдірудің өзекті мәселелері қозғалды.

«Дөңгелек үстелде» сөз сөйлеген сарапшылар құқық қорғау, арнаулы органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ барлық жабық мекемелер қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру бойынша тұрақты түрде жұмыс істейтін адам құқықтарын қорғауға қатысты оқыту курстарын өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Жалпы, форумға қатысушылар Қазақстанның төртінші кезеңдік баяндамасын талқылау нәтижелері бойынша қабылданған БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің  ұсынымдарын іске асыруда Қазақстанға табыс тіледі.

«Обеспечение эффективного расследования случаев пыток»

27 июня 2024 года Комиссия по правам человека при...

ВРЕМЯ ПЕРЕМЕН И ДЕРЗКИХ ИДЕЙ

В этом году известные правовые издания республики – «Юридическая...

Білім — таусылмайтын қазына

Білім - асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам...

Спорт басқармасының аккредиттеу туралы куәлігі заңсыз деп танылды

Қызылорда облысының жекпе-жек айқас, панкратион және грэпплинг федерациясы сотқа...

Мемлекеттік қызмет

 Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасы...