Білім — таусылмайтын қазына

Білім — асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесі жанындағы колледжде сотталған әйелдер мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқып, білім алады. 27 маусым күні мекемеде колледж бітіру салтанатты шарасы өтті. Аспаз, кондитер безендіруші, тігінші, шаштараз мамандықтары бойынша 91 түлек маман атанып, техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға ие болды. Шара студенттердің өз күшімен дайындалып ән мен би орындалып, бітірушілерге арналған ақ тілектермен жалғасын тауып барлық бітірушілерге гүл жоқтары сыйланды.
Бітірушілер мекеме басшылығына, колледж ұжымына дән риза. Сапалы білім, саналы тәрбие берген қызметкерлерге алғысы зор.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...