12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтық процестегі сот сараптамасының маңызы

Еліміздің Конституциясында адамның құқығын, бостандығын, ар-намысын қорғау – мемлекеттің маңызды міндеті деп белгіленген. Азаматтар бас құжатқа арқа сүйей отырып, өзінің мүддесін сот арқылы қорғауға құқылы. Ал соттың әділ өтіп, сапалы қаралуында сот сараптамасының да маңызы зор. Сот шешімінің дәлдігі сараптама қорытындысына негізделеді.  Бұл өз кезегінде сот сараптамасын жүргізетінмамандарға аса жауапты міндеттер жүктейді. Өйткені азаматтық дауға қатысты сарапшы қандай тұжырым береді, адам тағдырын шешетін соңғы үкім де соған сүйене отырып жасалады.

Сот сараптамасы дегеніміздің өзі азаматтық істер бойынша қолда бар нақты деректерді, мән-жайларды арнайы ғылыми білімді қолдана отырып анықтау әдісі. Біздің елімізде сот сараптамасына жүгінетін кездер көп. Сұраныс жиі болғандықтан, сот сараптамасының рөлі де жыл өткен сайын артып келеді. Қазақстан Республикасының ТМД мемлекеттері арасында алғашқылардың бірі болып 1997 жылы «Сот сараптамасы туралы» заңды қабылдауы елімізде сот жұмысына терең мән беріліп, азаматтар құқығын жан-жақты қорғауға, оның тетіктерін жасауға жіті көңіл бөлінетінін көрсетсе керек.

Аталмыш заңның қабылданып, қолданысқа енгізілуі сот-сараптама саласындағы елеулі кемшіліктерді жоюға, сараптама жасау шеңберін кеңейтуге, сапаны жақсартуға мүмкіндік берді.

Сот шешіміне тікелей әсер ететін сараптама кез келген адамның қалауымен тағайындалмайды. Ол тараптардың өтінішхаты негізінде немесе соттың өз бастамасы бойынша тағайындалады. Судья сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарғаннан кейін iске қатысушылардың сараптамаға қатысты қоятын сұрақтарына қатысты пікірлерін анықтап алады. Сонымен қатар, сарапшыға құқығы мен жұмысын түсіндіру де судьяның міндеті. Оның тәртібі Азаматтық процестік кодекстің 38, 39-баптарында көрсетілген. Осы заңнамаға сүйене отырып сарапшылар сапалы сараптама жасауға кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде қызметтен өздігінен бас тартуға міндетті. Кодекстің 91-бабында көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшыға қылмыстық жауаптылық қарастырылған. Бұл тетік ақ пен қараны анықтаудағы сарапшының ролін ғана емес, сонымен бірге, адам тағдырына жауапты мамандық екенін айқындай түседі. Сарапшы өзі ұсынған сараптама істің бағыт-бағдарын анықтап, соңғы шешімді өзгертуге пәрменді екенін түсінуі тиіс. Сараптама қорытындысы адам тағдырын өзгертуге ықпалды. Сондықтан, бұл құжатты жасауға да, бұл құжаттың маңызына да сарапшы жіті көңіл бөлгені абзал.

Тағы бір ескерер жайт, сараптама тағайындау туралы ұйғарымға шағым жасалмайды, сондай-ақ прокурордың өтінішхаты бойынша ұйғарымды қайта қарауға жол берілмейді. Тек ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.

Сараптама тағайындалғаннан кейін сарапшыға ұйғарым мен сараптама жасауға қажет құжаттар, үлгілер, мәтіндер мен құралдар беріледі. Осы ретте сарапшы iс материалдарымен танысып, егер үлгілер мен құжаттардан сараптама жасау, қорытынды беру мүмкін болмаса, сараптамадан бас тарта алатынын ескерген жөн. Сондай-ақ сарапшы сот iсiн жүргізу барысында iске қатысушыларға және куәлерге сұрақтар қоюға, қорытынды беру үшiн маңызы бар жазбаша дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға, соттан қосымша материалдар беру туралы сұрауға құқылы.

Тағы бір маңызды тетік сараптама қызметіне төленетін ақыға байланысты. АПК-нің 110-бабы 4-бөлігіне сай,  сарапшыларға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органдары жүргізген сараптамаға төлемді өтінішхатты мәлімдеген тарап жасайды. Егер өтінішхатты екі тарап та берсе не сараптаманы тағайындау соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етілетін соманы тараптар тең бөліктермен төлейді.

 Маржан Суранчиева,

Алматы қаласы

Әуезов ауданының №2 сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...