12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады. Сот шешімі орындалғаннан кейін атқару парағы беріледі. Соттармен қаралған заңды күшіне енген сот актілері ҚР кодексінде көзделген заң талаптарына сай міндетті түрде орындалуы тиіс. Сот шешімі орындалуымен құнды.

Шешiм дереу орындалатын (алименттер алып беру, қызметкерге жалақыны, бiрақ үш айдан аспайтын жалақыны алып беру, жұмысқа қайта орналастыру, денсаулыққа зақым келуден, сондай-ақ асыраушысынан айрылуынан келтірілген зиянды, бiрақ үш айдан аспайтын зиянды өтеу, борышкерді банкрот деп тану туралы шешiмдер дереу орындалуға тиiс т.б) жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енгеннен кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға жіберіледі, соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі, мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұқсан өндіріліп алынған, алименттер өндіріліп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына орындауға жібереді.

Соттың дереу орындалуға тиiстi шешiмi бойынша атқару парағы шешiм шығарылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей жазылып беріледі және орындауға жiберiледi. Атқару парағын бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жазып береді. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін.

ӘҚБтК-нің 52 тарауында әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі — айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс, арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол шығарылған сәттен бастап тиісінше орындау органдарына жіберіледі, аң аулау құқығынан айыру, қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу заңды күшіне енген соң орындауға жіберіледі.Өйткені сот актілерін тиімді орындау – мемлекеттік заң жүйесінің маңызды шарты, мемлекетке деген сенімнің кепілі.

Сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі болып табылады, мұның өзі мемлекеттегі сот төрелігінің тиімділігін көрсетеді, сот шешімдерінің толық әрі уақытылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің мәртебесін де айқындайды.

Б.Т. Туртбаева, Ұлытау облысы мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшілік бөлімінің жетекшісі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-жалпыға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Тергеу мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тығыз жұмыс атқарады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Велосипед ұрлаған азаматқа жаза өтеудің міндеттері түсіндірілді

Жуырда Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған Р. есімді азаматқа...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...