Қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмеуі мүмкін. Заң жобасы әзірленіп жатыр

Үкіметте жаңа заң жобасы дайындалды. Онда мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың депутаттық сауалға берген жауабы бойынша Үкімет көші-қон мәселелері бойынша төрт отырыс өткізгені, оның ішінде екеуі премьер-министрдің төрағалығымен өткені белгілі болды.

«Күн сайын келетін РФ азаматтарының саны мемлекеттік шекарадан өтудің орташа әдеттігі деңгейіне оралды.

Елімізде мемлекеттік тілді, қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетін үйренгісі келетіндер үшін 40 Достық үйінде жұмыс істейтін 174 жексенбілік мектепте мемлекеттік тілді тегін үйренуге жағдай жасалған, онда мемлекеттік тілді үйренумен қатар, қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпымен таныстыру ісшаралары өткізіледі. Мигранттар мемлекеттік тілді әкімдіктер жанындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталықтарының базасында да үйрене алады», — делінген премьер-министр жауабында.

Үкімет басшысы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңда көшіп келушілерге қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында ақылы бейімдеу және интеграциялық қызметтер алу құқығын беретін норма қарастырылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», — деді премьер-министр.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...