Қазақстанның ДХР мен ЛХР-дағы референдум бойынша ұстанымы айтылды

СІМ Қазақстанның Ресейге ЛХР, ДХР квазимемлекеттік аумақтарының, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарының қосылуы туралы референдумға қатысты ұстанымын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өзін-өзі жариялаған ЛХР және ДХР мемлекеттері мен Запорожье және Херсон облыстарының әскери әкімшіліктері Ресейге қосылу туралы референдумдар өткізсе, Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру принциптерінен шығады. Біздің Президент бірнеше рет, соның ішінде БҰҰ мінберінен сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы нақты мәлімдеді», — деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол Жарғыда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бейбітшілікті сақтау және мемлекеттердің аумақтық тұтастығын сақтау үшін жауапкершілігі туралы айтылғанын айтты.

«Біз саяси диалогты жолға қоюға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік деңгейде де, жаһандық деңгейде де сақтауды маңызды міндет деп санайды», — деді Смадияров.

Еске салайық, жұмада ЛХР, ДХР, сондай-ақ Украинаның Запорожье және Херсон облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум басталды. Дауыс беру 27 қыркүйекке дейін жалғасады.

Медиация – дауларды бейбіт жолмен шешу өнері

Бүгінде сот төрелігінің негізгі мақсаты тек сот шешімін шығару...

Атқару құжаттарын орындауға жіберу мерзіміндегі өзгеріс

Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына енгізілген өзгерістер сот актілерін орындау рәсімін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңашылдықтардың бірі болды. 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер...

Алакөлге кел, ағайын!

Алакөлдің Жетісу облысы аумағындағы демалыс орындары биыл 2 млн-нан...

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...