Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 23 тамызда елдің алты өңірінде қатты жел соғып, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Петропавл қаласынд түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетпек. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...