Қазақстанның бірқатар аймағында лаңкестікке қарсы операция жалғасады

Төтенше жағдайдың жойылғанына қарамастан Қазақстанның бірқатар өңірінде лаңкестікке қарсы операция жалғасады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының эфирінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ертең бірқатар өңірде төтенше жағдай аяқталатынына қарамастан кейбір аймақтарда антитеррорлық операция режимі жоғары деңгейде сақталады», — деді Қарин.

Оның айтуынша, республиканың құқық қорғау органдарына жағдайды тұрақтандыру шараларын қабылдаумен қатар, ақпараттық шабуылдарға тойтарыс беруге тура келеді.

«Алғашқы күндерден-ақ ашық ақпараттық шабуылдарға тап болдық. Әлі күнге дейін жалған ақпарат, түрлі сипаттағы жалған жаңалық тарататындар көп. Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру үшін қолданып жатқан шаралардан басқа мен назар аударып, мен атап өткен ақпараттық шабуылдарға тойтарыс беруді бастайды», — деді Мемлекеттік хатшы.

Ол ақпараттық шабуылдар ішкі және сыртқы көздер арқылы ұйымдастырылып, жүзеге асырылатынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы жағдайдың жалпы тұрақтанғанын айтты.

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...