Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады?

Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасымен санағанда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда — 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.

2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.

Ең ұзақ демалыс күндері:

  • Қаңтарда жаңа жылға 3 күн — 1, 2 және 3 қаңтар;
  • наурызда 3 күн — 21, 22 және 23 наурыз;
  • сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн — 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн — 6, 7, 8 және 9 мамыр;
  • шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады — 6, 7, 8 және 9 шілде;
  • желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн — 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.

2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі — 7 қаңтарға сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді.

Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...