Қазақстандық студенттердің Ресейде оқуына шектеу қойыла ма? Министр жауап берді

Биыл Қазақстандық студенттер Ресейге барып, оқуын жалғастыра ала ма? Бұл сұраққа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, қаңтар айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға техникалық мамандар қажет екенін және Ресейдің техникалық жоғары оқу орындары біздің студенттеріміз үшін басым бағыт болатынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл бастама туралы президенттің соңғы жолдауында айтылмады. 

Министрдің сөзінше, техникалық мамандарды басымдылық беріп, даярлау тапсырмасы толыққанды жүзеге асырылуда.

“Осы жылдың мемлекеттік тапсырыспен берілген 88 мың гранттың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға берілген. Қазақстанда ресейлік техникалық жетекші университеттердің екі филиалы ашылды. Екінші қыркүйек күні Атыраулық мұнай-газ университетінің негізінде Губкин атындағы Ресей мұнай-газ филиалы ашылды. Сондай-ақ Қазақ ұлттық университетінің негізінде Мәскеу инженерлік-физикалық университетінің филиалы пайда болды. Сол себепті біздің талапкерлерімізді Ресейге жібермей-ақ осы жақта ең мықты ресейлік инженерлік университеттер білімін беруге болады”, – деді министр. 

Саясат Нұрбектің айтуынша, биыл қазақстандық студенттердің Ресейге баруына шектеу қойылмаған. 

“Олардың Ресейдегі оқуын жалғастыруға ешқандай да шектеу жоқ. Бірнеше мың қазақстандық студенттер Ресейде оқуларын жалғастырып жатыр. Ал ресейлік-украиналық университеттерде оқып жатқан 2500 қазақстандық студент қазақстандық ЖОО-ларға аударылды. Ал Украинадан 34 студентіміз елге келді”, – дейді министр. 

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінде цифрлық технологиялардың...