Қазақстандық құрылыс салушыларға қатысты талаптарды күшейту ұсынылды

Индустрия министрлігі құрылыс салушыларға қатысты талаптарды күшейтуді ұсынды. Атамекен ұлттық палатасында бұл бастамаға қарсылық көрсетіп үлгергендер бар. Бұл монополия мен коррупцияға әкеледі дейді онда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Индустрия министрлігінде құрылыс салушыларға лицензия беру кезінде меншікті құрылыс техникасының болуына байланысты қаталдандыру жоспарланып жатқаны хабарланған. Конкурстардан 1 млрд теңгеге дейінгі орта және кіші объектер бойынша орта және ірі бизнесті алып тастау ұсынылды. Бұл реформалар аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша келісілмеген сот мердігерлері қатыстырылған жағдайда келісімшарт бұзылады. Сондай-ақ, келісімшарттардың құрылыс-монтаж жұмыстары және техникалық қадағалау бойынша шекті сомасын тағайындау да бұған кіреді.

Бұл салынып жатқан тұрғын үй сапасына қалай әсер ететіні жайлы Құрылыс салушылардың ассоциациясы президенті Виктор Микрюков айтты.

“Министрлік бастамасы монополияны азайтуға бағытталуы керек еді. Бірақ нарықта оның бар-жоғын анықтайтын сараптама жасалған да жоқ. Бұдан бөлек, министрлік пайдаланғалы жатқан әдіс-тәсілдер түсініксіз. Моноплияны жою үшін барлық құрылысшыларды өздерінің құрылыс техникасын алдыруға мәжбүрлеу керек. Ал жалға берілетін техникамен жұмыс істейтін кіші компаниялар нарықтан шығып қалады не бұл техниканы сатып алуға қыруар қаражат жұмсайтын болады. Қазір кішкентай компаниялар жалға алу арқылы жұмыс істейді”, – Виктор Микрюков.

Нәтижесінде бизнес іріленуі керек болады, ірі бизнес субъектілері көбейе түседі. Ал кіші компаниялар не нарықтан кетеді, не басқа салаға ауысуға мәжбүр болады дейді маман.

“Мемлекет қазірдің өзінде үй салушылар жұмысындағы тәртіпті реттеу үшін бірқатар фунцияларды қолданады, оның ішінде сақтандыру, банк кепілі бар. Мерзімге сай келу үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың үлгілік нұсқасы әзірленді. Бұл нақты құжат әрі мемлекеттің барлық тәуекелін қарастырады. Бұл реттеу шарасының не үшін енгізіліп жатқаны түсініксіз”, – деп түйіндеді ойын сарапшы.

ПРОКРАСТИНАЦИЯ. ОТЛОЖИМ ЖИЗНЬ НА ПОТОМ

НАВЕРНЯКА МНОГИМ ЗНАКОМА СИТУАЦИЯ, КОГДА ВПЕРЕДИ ВАЖНОЕ ДЕЛО, СРОКИ...

Республика күніне орай волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында Республика күніне орай...

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде Республика...

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты ІІ Халықаралық күзгі мектеп өтеді

2026 жылдың 5-19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тетік

Сот жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі – азаматтардың құқықтары мен...