Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытудың онлайн түрі енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданды, деп хабарлады министр.

Айтуынша, жоғары білім беруде жаңа онлайн оқыту формасы енгізіледі.

«Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыты бойынша кадрлар дайындай алады. Бұл – заман талабы. Бұл ретте біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т. б.) жеке лицензия алу міндетті болады», – деп жазды Аймағамбетов.

Сондай-ақ “Қазақстан тарихы” мен “Дүниежүзі тарихы” оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық бойынша білім беріледі.

Басқа пәндер бойынша оқулықтардың балама нұсқалары қолданылады.

Халықаралық пәндік олимпиада, сондай-ақ халықаралық орындаушылар конкурсы мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар беріледі.

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлеріне бір реттік ақшалай төлем жасалады.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін...

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.