БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін ұстау, жұмыс берушімен сауатты әңгімелесе білу де маңызды. Осы мақсатта болашақ педагогтарды еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасының тағы бір кезеңі өтті. Бұл жолғы кездесу Алматы қалалық №19 жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды.

Жоба аясында бүгін университеттің физика-математика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бойынша білім беру бағдарламаларының 11 бітіруші түлегі кәсіби сұхбаттасудан өтті. Қатысушылар мектеп басшысының алдында әңгімелесуден өтіп, өз мамандығы бойынша білімін, сабақ жүргізудегі көзқарасын және педагог ретінде қалыптасқан тәжірибелерін таныстырды. Оларға мектеп тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, болашақ мұғалімдердің пәнді меңгеруі, оқушылармен жұмыс істеу тәсілдері мен педагогикалық ұстанымдарына назар аударылды.

Әңгімелесуді №19 жалпы білім беретін мектептің директоры Айымгүл Имангалиева жүргізді. Ол студенттердің өзін таныстыру шеберлігіне, кәсіби дайындығына және коммуникациялық мәдениетіне талдау жасап, қатысушыларға маман ретіндегі ұсыныс білдірді.

Мектеп директорының айтуынша, мектеп пен университет арасындағы мұндай өзара ықпалдастық – өзгелерге үлгі боларлық, өйткені білікті маман даярлау – мектеп пен жоғары оқу орнының ортақ міндеті. Сондықтан екі тараптың тығыз байланыста жұмыс істеуі айрықша мәнге ие. Осындай кездесулер болашақ педагогтың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына, өз мүмкіндігін толық көрсетуіне жол ашады.

Жұмыс беруші мен бітіруші түлектердің арасындағы әңгімелесу Абай университетінде 2019 жылдан бері тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Өзінің тиімділігін көрсеткен жоба бойынша жыл сайын студенттердің пікірі ескеріліп, нәтижесі де сараланып тұрады. Осындай мамандыққа қатысты сұхбаттан кейін мектепке жұмысқа қабылданған студенттер де жетерлік.

Айта кетейік, «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы – соңғы курста оқып жатқан студенттер мектеп басшыларымен тікелей жүздесіп, өз кәсіби деңгейін танытуға және болашақ мамандығына қатысты тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін маңызды бастамалардың бірі. 2025-2026 оқу жылы барысында Алматы қаласының бірнеше ауданында кезең-кезеңімен ұйымдастырылу үстінде. Алғашқы кездесулер Наурызбай ауданын қамтыса, бұл жолы Медеу ауданында жалғасын тапты. Алдағы уақытта Түрксіб ауданы мектептеріне өткізу жоспарланып отыр.

Сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Басты міндет – халыққа адал қызмет

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам»...

​Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мүдде

​​Тіл — қай ұлтта болмасын, оның бағы мен соры,...

№20 мекемеде Абай атындағы кітапхана ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

Медиация: Дауды шешудің ең тиімді жолы

Қоғам дамыған сайын адамдар арасындағы қарым-қатынастар күрделене түсіп, түрлі...