Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында Үкіметке жеті жыл ішінде 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жөнінде тапсырма берген болатын.

Ерсайын Нағаспаевтың мәліметінше, осы мерзімнің алғашқы 3 жылында тұрғын үй құрылысы жоспарланған көрсеткіштен артық орындалып келеді.

Былтыр тұрғын үй құрылысының жоспарлы көлемі 19,2 миллион шаршы метр болып белгіленген. Алайда жыл қорытындысы бойынша бұл жоспар да асыра орындалып, рекордтық деңгейде – 21 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деді министр Үкіметте.

Сонымен қатар министрдің сөзінше, жоспарлы көрсеткіш елдің 18 өңірінде толық әрі артығымен орындалған.

Биыл тұрғын үй құрылысының болжамды көлемі 18,5 миллион шаршы метрді құрайды. Қосымша шаралар қабылданған жағдайда бұл көрсеткішті арттыруға мүмкіндік бар. Ең жоғары құрылыс көлемі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күтіліп отыр, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...