Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды. «Осындай қауіп-қатерлер Қазақстанға әсер етуі мүмкін бе?» деген сауалға BAQ.KZ тілшісіне саясаттанушы Самат Нұртаза жауап берді.

Соңғы күндері халықаралық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Әлемнің түрлі бөліктерінде әскери қақтығыстар, өңірлік дағдарыстар мен жаңа шиеленіс ошақтары пайда болуда. Мұндай жағдайларда оның салдары көбіне оқиға ошағынан алыс орналасқан мемлекеттерге де әсер етуі мүмкін. Сондықтан көптеген ел қауіпсіздік шараларын күшейтіп, көршілес өңірлердегі жағдайды мұқият бақылап отыр.

Саясаттанушы Самат Нұртазаның айтуынша, Қазақстан халықаралық аренада айқын әрі дәйекті ұстаным ұстанып келеді. Елдің сыртқы саясаты диалогты қолдауға және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған.

Әлемдік саясатта қауіп-қатер әрдайым болады. Сондықтан мемлекеттер қауіпсіздік шараларын күшейтуге мәжбүр. Алайда Қазақстан кез келген қайшылықты дипломатиялық әрі бейбіт жолмен шешуді қолдайды. Бұл ұстаным өзгермейді: мейлі Украинадағы қақтығыс болсын, мейлі Таяу Шығыстағы шиеленіс болсын — еліміз тек бейбіт реттеу механизмдерін қолдайды, – деді ол.

Сонымен қатар сарапшы әскери шиеленіс жағдайында кездейсоқ оқиғаларды толықтай жоққа шығаруға болмайтынын атап өтті. Кейде қақтығыстардың салдары тікелей соғыс жүріп жатқан аймақтан тыс жерлерде де байқалуы мүмкін.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар теориялық тұрғыда әртүрлі өңірлерде болуы ықтимал, алайда Қазақстан үшін мұндай қауіптің ықтималдығы өте төмен. Дегенмен Әзербайжанда болған соңғы оқиға өңірдегі елдерге де шиеленістің әсері сезілетінін көрсетті.

Теориялық тұрғыдан алғанда, әскери қақтығыс кезінде соғыс аймағынан тыс жерде ракета немесе ұшқышсыз аппараттың құлауы сияқты жағдайларды толықтай жоққа шығаруға болмайды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен зымыран кешендерінің әрекет ету радиусы өте кең. Нахичевань әуежайына жасалған шабуыл туралы ақпарат, әрине, өкініш тудырады. Бұл – біздің Каспий маңындағы көршілеріміз. Бақытымызға қарай, қолдағы мәлімет бойынша, адам шығыны болған жоқ, – деді саясаттанушы.

Сонымен қатар сарапшы Қазақстанның географиялық орналасуына да назар аударды. Иранмен тікелей шекараның болмауы елдің Таяу Шығыстағы шиеленістің тікелей салдарына тап болу ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді.

Дегенмен, оның пікірінше, жаһандық тұрақсыздық мемлекеттерден барынша сақ болуды және кез келген қауіп-қатерге дайын болуды талап етеді. Әсіресе бұл шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және стратегиялық маңызды аймақтарды бақылауға қатысты.

Бүгінде әлемнің бірнеше бөлігінде – Таяу Шығыстан бастап басқа өңірлерге дейін – шиеленіс байқалады. Осындай жағдайда Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты сақтау, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аумақтық тұтастықты қорғау маңызды. Мемлекет кез келген қауіп-қатерге дайын болып, қазіргі турбулентті халықаралық жағдайдан мықты әрі дербес ел ретінде шығуы тиіс, – деп атап өтті саясаттанушы.

Қауіпсіздік мәселелерімен қатар, Таяу Шығыстағы шиеленіс экономикалық үдерістерге де әсер ете бастады. Атап айтқанда, Иран арқылы өтетін көлік және логистикалық бағыттар туралы сөз болып отыр.

Сарапшының айтуынша, қазіргі жағдайда кейбір халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігі уақытша төмендеуі мүмкін. Бұл елдерді жүк тасымалдаудың балама бағыттарын іздеуге мәжбүр етеді.

Қазіргі кезде Иран бағытын пайдаланып отырған барлық мемлекет белгілі бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұрын жүк немесе теміржол құрамдары Иран арқылы, мысалы Түркия бағытына еркін өтетін. Ал қазіргі жағдайда мұндай маршруттардың тұрақтылығы төмендеуі ықтимал. Сондықтан өңір елдері балама жолдарды – соның ішінде Каспий теңізі арқылы Әзербайжан бағытындағы тасымалдарды – белсендірек қарастыра бастайды, – деді Самат Нұртаза.

Саясаттанушының пікірінше, қазіргі жағдай әлемдік экономика мен қауіпсіздік жүйесінің өзара тығыз байланысын тағы бір мәрте көрсетіп отыр. Бір өңірдегі шиеленіс көлік дәліздеріне, саудаға және көптеген елдің саяси күн тәртібіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан алдағы уақытта да теңгерімді дипломатия ұстанып, қауіпсіздік шараларын күшейте береді.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.