Қазақстанда тастанды балалар туралы хабарламаған балалар үйлері мен ауруханалардың қызметкерлері жазаланады

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жобасына жетім балаларға арналған медициналық мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікті енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұжырымдаманы Қазақстан Ішкі істер министрлігі әзірлеген.

«Медициналық ұйымдар мен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларының жаңа туған нәрестені тастап кету, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау және жеткізу фактісін хабарламағаны үшін – жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл, ал лауазымды тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады, — деп көрсетiлген құжатта.

Тәжірибе көрсеткендей, еліміздің әр өңірде перзентханаларда бала сату фактілері анықталғанын атап өтті құзырлы орган.

«Заңның қабылдануы адам саудасына, оның ішінде балаларды сатуға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, адам саудасының алдын алуды және олардың құрбандарын анықтауды реттейтін халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнама мен құқық қорғау тәжірибесін жетілдіруге құқықтық негіз жасайды», — делінген құжатта.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...