Қазақстанда әскерилерге қашықтан бақылайтын білезіктер берілмек

Әскерилер арасындағы суицидпен күресу үшін ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамына қашықтан бақылайтын білезіктер берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біз қазақстандық ІТ-компанияларды тарттық. Олар әскери бөлімдерді бейнекамерамен жабдықтауға көмектесуі керек. Сондай-ақ жуырда қазақстандық бір кәсіпорын білезік технологиясын ұсынды. Ол білезік арқылы әр жауынгердің тамыр соғысын, жағдайын қадағалап отыруға болады. Оталық пункт арқылы мониторинг жасап, қай сарбаздың қай жерде жүргенін, жағдайы қалай екенін біліп отыруға болады. Сонымен бірге жан-жақты анализ арқылы суицидке бейім жауынгерлерді анықтай алатын ІТ-шешімдер бар», — деді вице-министр.

Дархан Ахмедиевтың айтуынша, ІТ-тәсілдерді қолданудағы басты мақсат – жауынгерлердің бүкіл қозғалысын орталықтан бақылап отыру.

«Әскердің тамыр соғысы мен орналасқан дерін көрсетіп тұратын білезіктер бар екенін айттым. Яғни, білезікті ақпарат таратуын тоқтатса, датчигі қай тұста өшірілгенін біле аламыз. Командирлер сол тұсқа шұғыл барып, не болып жатқанын анықтай алады. Суицидке бейімділікті тексеретін психологиялық тестер бар. Бүгінде осы шаралар қолға алынып жатыр»,- деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол кейінгі кезде жиілеп кеткен әскерилер арасындағы өлім-жітімнің себептерін арнайы топ зерттеп жатқанын еске салды.

«Не істеліп жатыр дегенге келсек, біріншіден, кешенді жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына біздің және өзге де ведомстволардың қызметшілері, азаматтық қоғам өкілдері кіреді. Жұмыс тобы негізге алатын бағдарлама әр жағдайдың себебін егжей-тегжей қарайды. Яғни, бірнеше жылдың тәжірибесі зерттеледі. Бір кездері әскердегі суицидке себепкер болған триггер кейін сейілді ме, жоқ па, зерделенеді. Жеке құраммен ай сайын жұмыс жүргізіледі. Батальон командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары өзіндегі жеке құрамға нұсқау жұмыстарын жүргізеді», — деп толықтырды ол.

Министрліктің дерегі бойынша, биыл Қарулы күштерде 7 суицид әрекеті тіркеліп, төртеуі қайғылы аяқталған.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...