Қазақстанда шағын несие бойынша шекті пайыздық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

Қазақстанда шағын несие беру туралы шарт бойынша шекті сыйақыны бес пайызға төмендету ұсынылды. Ұлттық банк қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері берілген микрокредит сомасының 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін», — делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.

Қаулының қазіргі редакциясына сәйкес, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген шағын несие беру шарты бойынша шекті мөлшерлеме 25 пайыз болып белгіленген.

Құжатта бұл бастама берілген шағын несиелер бойынша «қарыз алушылардың борыштық жүктемесін шектеу» мақсатында жасалғаны нақтыланған.

Сот шешімін тараптарға түсіндіру маңызды

Сот шешімін тараптарға түсіндіру – сот төрелігінің маңызды құрамдас...

ЕНУ готов к новому учебному году: студентам доступно 7,5 тысячи мест в общежитиях

Евразийский национальный университет им. Л. Н. Гумилева продолжает прием...

ЕҰУ жаңа оқу жылына дайын: студенттерге жатақханаларда 7,5 мың орын ұсынылады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2026–2027 оқу жылына...

Әкімшілік істе қазақ тілінің қолданылуы

Тіл – қай мемлекеттің болсын егемендігі мен тұтастығын айшықтайтын...