Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға жаза қарастырылады

Ішкі істер министрлігі тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жаза қарастыратын өзгерістер дайыдап жатқанын растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сонымен қатар, қазір Ішкі істер министрлігі қала маңындағы жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыратын түзетулер әзірлеп жатыр», — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев. 

Бұған дейін БАҚ-та Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғандарға айыппұлды заңдастыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын. Қазақстан стандарттау және метрология институты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске «орташа жылдамдық» ұғымын енгізу жобасын дайындады.

Құжатты жаз аяғына дейін қабылдау керек. Бастапқыда, орташа жылдамдықты қала сыртындағы тасжолда өлшеп, кейін қаладағы камералар да бақылайды. Орташа жылдамдықты асырғаны үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.

2019 жылғы шілдеде сол кездегі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елді мекеннен тысжолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік енгізуді ұсынған еді.

Данияр Ашимбаев: Токаев позволяет себе на правах опытного дипломата

Высказывания Касым-Жомарта Токаева по российско-украинскому конфликту постоянно оказываются предметом...

Студентам Алматы небезразлично будущее Кок-Жайлау

По инициативе молодежи и студенческого сообщества Алматы состоялась серия...

Сотталғандар арасында киберспорттық іс-шара өткізілді

Абай облысы, Семей қаласындағы №21 мекемесінде сотталғандардың бос уақытын...

Донорство органов в Алматинской области: три донорских процесса — надежда для десятков людей

В Алматинской области продолжается информационно-разъяснительная работа о значении посмертного...

Алматы облысында ағза донорлығы: үш донорлық процесс – ондаған өмірге үміт

Еуропалық ағзалар доноры күніне орай Алматы облысында қайтыс болғаннан...