Қазақстанда онлайн микро несие беру тәртібі күшейтілді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Енді онлайн-микрокредит беру үшін микрокредит беруші мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті. Яғни, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, Ұлттық банкінің Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау және қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.Сонымен бірге, биылғы қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, берешектің бар-жоғын тексеру үшін әрбір азамат «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тан мына мекенжай бойынша және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-дан өзі туралы кредиттік есепті сұрата алады.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...