Қазақстанда әлі де кедейлік деңгейін төмендетіп көрсетеді — сенатор

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы ресми статистикаға қарсы шығып, Қазақстанда екі миллион азамат жұмыссыз екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстандағы кедейлік пен жұмыссыздық деңгейі дұрыс есептелмегенін мәлімдеді. Сенатордың айтуынша, қазіргі көзқарас пен статистика нәтижелері сенімсіз.

«Қаңтар қасіреті еліміз үшін ауыр сынақ болды. Жазықсыз азаматтардың қаны төгілгендіктен, бәрімізге ауыр тиді. Менің ойымша, билікте жүрген бәріміз осы қайғылы оқиғаға жауаптымыз. (…) Жергілікті атқарушы органдар, үкімет үнемі елдегі жұмыссыздық пен кедейлік деңгейі төмен статистиканы көрсетеді. 2021 жылы үкімет елде 450 мың адам жұмыссыз, ал кедейлік деңгейі 4,5 пайыздан аспайтыны туралы ресми ақпарат берді. Бірақ бұл шындыққа сәйкес келе ме? Жоқ. Шындығында, біздің есебімізше, елде екі миллион азамат жұмыс таба алмай жүр. Елдегі кедейлік деңгейін анықтауға деген көзқарас әлі күнге дейін оны төмендетіп көрсетумен ғана шектеледі», — деді депутат.

Ол кедейлік шегін анықтайтын әлемдік стандарттарға шығу керек екенін мәлімдеді.

«Бізде әлі де адамдар, балалар кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Жалған статистикадан арылу керек, тәтті өтіріктен гөрі ащы шындық жақсы», — деді Бақтиярұлы.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...