Қазақстанда әлеуметтік желіде тарологтар мен балгерлер көбейген

Қазақстанда әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы болашақты болжайтындар саны көбейген. Кейбірі мессенджерде хат алмасу арқылы өз қызметін ұсынады екен. Бірі қызметін бірнеше мыңға бағаласа, енді бірі миллиондап сұрайды. Мәселен, Нұр-Сұлтан тұрғыны тарологқа бір жылда 60 миллион теңге берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

Бақсы-балгерлердің әрекет ету алгоритмі қарапайым: банк картасына ақша жіберіп, сұрақ қоясыз. Психологтардың сөзінше, олардың қызметіне көбіне мазасызданып жүргендер жүгінеді. «Болжамды» естіп, шабыт алады, өздерін осылайша тыныштандырады. Адамдар белгісіздіктен қорқады, сондықтан өз үрейін сейілту үшін тарологқа жүгінеді, дейді психолог.

«Алдымен бағдарламалау процесі жүреді. Кейін жақсы нәрсе естігісі келген адам сол жаққа барады. Бұдан бөлек адамға белгілі мақсатқа жету үшін ішкі күш пен мотивация жетпеуі мүмкін. Балгерге «Қалағаныңның барлығы орындалады» деген сөзді есту үшін барады. Сосын сенімділік пайда болып, әрі қарай жұмыс істейді», – дейді психиолог Динара Ибрагимова. 

Алайда жалған балгерлерге алданып қалғандар да жетерлік. Мысалы, Нұр-Сұлтан тұрғыны қарғыстан тазару үшін бір жыл көлемінде балгерлерге 60 миллион теңгесін апарып берген. 

«Зардап шеккен адам балгерге жүгінген, ал балгер отбасына және өзінде қарғыс бар екенін түсіндіріп, тез арада алып тастау керегін айтқан. Осылайша бір жылда қомақты қаржысынан айырылған», – деді Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің басшысы Талғат Жолдасов. 

Дегенмен астана тұрғындарының көбісі балгерлерге сенбейтінін айтқан. Ал оларды жауапқа тартудың керегі жоқ, себебі адамдардың өздері кінәлі екенін алға тартты. 

«Олар картадан мен туралы не біле алады? Алаяқтар», «Әр адам өзі үшін жауап беруі керек, олардың ешкім мәжбүрлеген жоқ. Оларға тек ұсынады, ал өздері жауап береді» деді қала тұрғындары. 

Казахстан продвигает финансирование технологий будущего и расширяет доступ к инвестициям в рамках Банка развития ШОС

Казахстан продвигает приоритеты финансирования технологий будущего в рамках создаваемого...

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан...

ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ ОТБАСЫМЫЗДАН БАСТАЙЫҚ!

Татулығы жарасқан елімізде барлық ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай...

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық ақпарат берілді

Түркістан облысында 600-ден астам студентке құқықтық және тәрбиелік ақпарат...

Имамдармен кездесу: интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланды

"Анти-фрод" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция...