Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық ЖСН алған?

Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық азамат жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы мәлімет ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН рәсімдеген.

«Азаматтардың ең көп саны: Өзбекстан — 91 454, Ресей — 74 371, Тәжікстан — 7896, Қырғызстан — 4470, Украина — 1520», — деді министрлік өкілдері.

Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН әртүрлі мақсаттарға қажет:

  • жұмысқа орналасу;
  • Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу;
  • мүлікті тіркеу;
  • мемлекеттік қызметтерді алу және т.б.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынады. 

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...