Қазақстанда алдағы уақытта электр қуатының тарифі қымбаттайды

Қазақстанда алдағы уақытта электр қуатының тарифі қымбаттайды, алайда нақты бағаны әлі атаған жоқ. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтың болжамына сәйкес баға инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, баға өсімі инфляциядан жоғары болмайды. 

“Ұлттық банк инфляция дәлізін 8-10% деп бекітті. Тарифтің қымбаттауы бұл көрсеткіштен аспауы керек. Баға бірден өсіп кетпеуі үшін комитет баға саясатын ұстанады”, – деді Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев. 

Министрлік өкілдерінің сөзінше, тариф құнының қымбаттауына қазіргі бекітілген бағаның саладағы шығындарды толық жаппауы себеп. 

“Біздегі тарифтердің көлемі сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Мысалы ауыл аймақтарды алайықшы. Көптеген станциялардың тозығы жеткен. Қолданыстағыларының кейбірі өткен ғасырдың 60-70-жылдары салынған”, – деп мәлімдеді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...