12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда 2027 жылға қарай шахмат мектептерде міндетті пәнге айналады

2023 жылдан бастап кейбір қазақстандық мектептерде шахмат жаңа факультативтік пән ретінде оқытылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын мұндай мектептер саны артып, кейіннен шахмат сабағы мектеп бағдарламасына енетін болады.

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтып берді. 

Федерация 2027 жылға қарай шахмат Қазақстанның барлық аймақтарында міндетті пәнге айналады деп жоспарлап отыр.

Мұндай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін ұстаздарды дайындау қажет. Ол үшін еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары арнайы кафедралар ашуды көздеп отыр.

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанда шахматты танымал ету және мүмкіндігінше көп бала ойнауға мүмкіндік беру. Шахмат көп нәрсені үйретеді және әділ бәсекелестік пен меритократия қағидаттарын сіңіреді», — деді Дәрмен Сәдуақасов.

Бүгінде елімізде 50 мыңнан астам бала шахмат ойнайды.

«ArtSport» мемлекеттік бағдарламасы балаларға әрі қарай тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деп қосты Сәдуақасов.

Президент Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Президент Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады,...

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

Тұрғын үй иелері құжаттарын қайта рәсімдеуі керек пе? Министрлік жауабы

Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді.

Биыл елімізде 90 жаңа білім ошағы ашылады 

Оқу-ағарту министрлігі апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл 47 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.