Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды — СІМ

Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды», — дейді Смадияров.

Ол сонымен қатар Қазақстанның халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын сақтауды жақтайтынын, атап айтқанда бұл мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарары басымдыққа алынатынын атап өтті.

«Шет мемлекеттердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары ҚХР үкіметімен келісу керек деп есептеймін», — деп қосты министрлік өкілі.

Еске салайық, бұған дейін 2 тамызда АҚШ билігіндегі үшінші адам саналатын Конгресс Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ресми Бейжіңнің наразылығына қарамастан барған еді. Пелосидің бұл әрекеті аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтіп жіберді әрі Қытай мен АҚШ-тың арасына сызат салды.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...