Қазақстан суды ең көп тұтынатын елдер қатарында

Қазақстан Орталық Азияның басқа республикаларымен салыстырғанда суды ең көп тұтынатын елдер қатарында, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Worldometers анықтамалық сайтының мәліметінше, Қазақстан жан басына шаққандағы суды тұтыну бойынша 11-ші орында. Республика бойынша тәуліктік норма 3,5 мың литр. Салыстыру үшін, Ресейде бұл көрсеткіш үш есе аз — бір адамға 1,3 мың литр, Германияда — 855 литр, ал Ұлыбританияда — небәрі 348 литр.

Дегенмен, Конго Республикасы сияқты су тапшылығынан зардап шеккен Африка елдерінде тұтыну жан басына шаққанда небәрі 34 литр. Рейтингте Түркіменстан көш бастап тұр — жан басына тәулігіне 16,3 мың литр су. Басқа жетекші су пайдаланушылардың қатарында Чили, Гайана, Өзбекстан және Тәжікстан (тәулігіне орта есеппен шамамен 4,7 мың литр) бар.

Орталық Азия елдерінде тұтынудың мұндай жоғары деңгейі су тарифтерінің төмендігімен байланысты. Мәселен, Holidu платформасының мәліметтері бойынша, бір текше метр судың құны бойынша 123 қаланың рейтингінде Қазақстанның үш негізгі мегаполисі — Шымкент, Астана және Алматы бір текше метр судың құны бойынша 117, 118 және 119-шы орында. Яғни, Қазақстандағы құбыр суы әлемдегі ең арзан сулардың бірі. 

123 қаланың ішінде ең қымбаты норвегиялық Осло болды: мұнда судың текше метрі 5,51 еуро тұрады. Әрине, Норвегиядағы жалақы Қазақстаннан жоғары деп айтуға болады, бірақ жалақы мен тариф арасындағы айырмашылық салыстыруға келмейді. Норвегиядағы таза жалақы Қазақстандағы жалақыдан 7,7 есе акөп. Бұл ретте Ослодағы сумен жабдықтау тарифтері Астанада тарифтерден 52 есе, Алматыда бірден 58 есе қымбат.

Су — ең маңызды ресурс, онсыз адамзат жойылады. БҰҰ мәліметінше, бүгінде 2,2 миллиард адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Сарапшылар елдің экологиялық жағдайы мен ұлттың әлеуметтік әл-ауқаты суды орынды тұтынуға тікелей байланысты екенін айтады.

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...

В ООН рассмотрят предложение Казахстана о создании международной водной организации

Предложение Токаева рассмотрят в Абу-Даби в рамках диалога о...

Президент жоғары бағалаған еңбек: ҚазҰУ ректорының халықаралық білім кеңістігіндегі тарихи бастамасы

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық беделі жаңа белестерге...

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...