Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасын аяқтады

Қазақстан құрамасы 2022 жылы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарын аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жарыста шаңғышылар өнер көрсетті. Әйелдер арасындағы марафонда Надежда Степашкина, Ангелина Шурыга және Ирина Быкова медальға таласты.

Үздік нәтижені Ангелина Шурыга көрсетті. Ол мәреге қырық екінші болып келді. Надежда Степашкина қырық тоғызыншы, Ирина Быкова елу төртінші болып мәреге жетті.

Бейжіңде Қазақстан құрамасы сапында барлығы 34 спортшы өнер көрсетіп, 87 лицензияға ие болды. Спортшылар мынадай спорт түрлері бойынша сынға түсті:

  • Шаңғы жарысы;
  • Биатлон;
  • Фристайл-могул;
  • Фристайл-акробатика;
  • Шорт-трек;
  • Коньки;
  • Тау шаңғысы;
  • Шаңғы қоссайысы;
  • Трамплиннен секіру.

Үздік нәтиже шорт-трекші Абзал Әжғалиевтің 500 метр қашықта өнер көрсетуі болды. Ол жарыстың негізгі финалына өтіп, нәтижесінде төртінші орынға ие болды.

Надежда Морозова масс-стартта біліктіліктен сәтті өтті. Оның соңғы позициясы 14-орын болды. Ақмаржан Қалмырзаева шаңғы-акробатикасынан аса жоғары нәтиже көрсетіп, біліктілік бойынша 98,68 ұпай жинады. Бұл оған үздік 12-ге кіруге мүмкіндік берді.

Ел тарихында тұңғыш рет қазақстандық шаңғы қоссайысында бақ сынады. Бұл жетістік Шыңғыс Рақпаровқа тиесілі. Жас спортшылар өз мүмкіндігін көрсетті. Бейжіңде 16 жастағы Анастасия Городок, 17 жастағы Олеся Граур (екеуі де фристайл-акробатика), 17 жастағы Данил Васильев (шаңғымен секіру), 18 жастағы Александра Троицкая (тау шаңғысы) жүлдеге таласты.

2022 жылғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты бүгін, 20 ақпанда өтеді. Шара Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18.00-де басталды.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...