Қазақстан мектептері бес күндік оқу аптасына көшеді

Келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз шешім қабылдадық: келесі жылдан бастап үш ауысымда оқитын мектептерді қоспағанда, барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге, барлық қызметкерге қатысты. Мұғалімдер сенбіде демалып, балаларымен бірге болуы керек деп есептейміз.

Бұл ретте сұрақ туындайды: бұл еңбек демалысы төлеміне әсер ете ме? Бұл мәселе еңбек демалысы төлеміне әсер етпейді. Демалыс уақыты – 56 күн – өзгеріссіз қалды», — деді Аймағамбетов Тамыз конференциясы барысында.

Министр директорлардан сенбіде әдістеме күндерін өткізбеуді немесе «басқа да жолмен мұғалімдерді жұмысқа шақыруға тырыспауды» сұрады.

«Бұл тәжірибені тоқтату керек. Мұғалімдер, мектеп директорлары бес күн ғана жұмыс істеуі керек. Білім бөлімдерінде де, мектепке дейінгі ұйымдарда да», — деді ол.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...