Қазақстан дизель отынын шетелдіктерге қымбатқа сатады – Энергетика министрлігі

Қазақстан дизель отыны үшін сараланған баға тарифін енгізеді. Бұл жанармайды шетелдіктерге қымбат бағаға сатуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, қазір ведомствода дизель отыны бағасын саралауды қарастыратын бұйрық жобасы жасалып жатыр. Бұл дизель отынының тапшылығына жол бермеу үшін жасалған. 

«Қазақстанда жанармай бағасының төмен болуы айлық орташа тұтыну көлемін шамамен 120 мың тоннаға арттырады. Қазір министрлік дизель отыны бағасын саралауды қарастыратын бұйрық жобасын жасады. Бұл бағытта жұмыстар қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар және тараптармен бірге жалғасады», – деді Энергетика министрі. 

Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан күн сайын 4,5 мың бірлік жүк көлігі кіреді. Олардың 70%-ға жуығы шетелдік көліктер екен.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...