Қазақстан азық-түлікке көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады

Қазақстан бұрынғы КСРО және Еуропа елдерінің ішінде тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады. Ал Люксембург бұл тізімде ең соңғы болып тұр. Бұл туралы РИА Новости зерттеуінде жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылардың мәліметінше, Еуропа елдерінің көбінде отбасылық бюджеттің негізгі шығындарының бірі азық-түлікке жұмсалады. Шығын көлемі өмір сүру жағдайына қарай әр елде әртүрлі.

Тамақ үшін ең аз ақша бөлетін Люксембург тұрғындары болып шықты. Олар тамақ үшін шығындарының 8,4 пайызын ғана жұмсайды екен. Содан кейін 10,6 пайызбен Нидерланды және Ұлыбритания тұр. Сондай-ақ Ирландия, Германия, Финляндия, Аустрия және Норвегия тұрғындары отбасылық шығынның 12 пайызын тамаққа жұмсайды. Сарапшылар аз ақша бөлетін елдердің көшін Батыс Еуропаның экономикасы дамыған мемлекеттері бастайды деп топшылады.

Ал тамақ үшін көп ақша жұмсайтын елдердің ең көбі бұрынғы КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері болып шықты. Рейтингтегі барлық елдің ішінде соңғы орында Қазақстан тұр. Қазақстандықтар табысының 53 пайызына тамақ алуға шығындалады екен.

Украина және Молдова тұрғындары да отбасы табысының 40-тан аса пайызын азық-түлікке жұмсайтын болып шықты.

Ал Молдова, Солтүстік Македония, Беларусь және Болгария тұрғындары табыстарының 35 пайыздан астамы азық-түлікке жұмсайтын елдер қатарында.

Ресей рейтингте 31-орында.

ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢ: ҮМІТ, СЕНІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗДЫҚ

Алматыда Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды      2026 жылғы 4...

Стресс или болезнь: когда усталость, бессонница и учащенное сердцебиение требуют обращения к врачу

Постоянная усталость, бессонница и учащенное сердцебиение часто воспринимаются как...

       Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

       Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі...

Скрининг взрослого населения- важный шаг к сохранению здоровья

Здоровье человека — одна из главных ценностей, а его...