Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысты жаңа ақпарат шықты

Сыртқы істер министрлігі өкілі дипломаттар көмегімен 731 қазақстандық Украинадан эвакуацияланғанын мәлімдеді. Оның ішінде 662 адам Польша арқылы, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакия арқылы эвакуацияланған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:02-де Атыраудан Катовицеге (Польша) 4-эвакуация ұшағы шыққан. Бұған дейін Қазақстанға 432 азамат үш репатриация рейсімен жеткізілгені белгілі.

«Қазір Катовице қаласында 165 қазақстандық бар. Украина-Польша шекарасында ҚР азаматтары жоқ. Львовтағы Құрметті консулдық маңындағы эвакуация нүктесінде 11 адам жиналды, ал Харьковта 7 отандасымыз қалып отыр», — делінген хабарламада.

Украинадағы ҚР елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласындағы ҚР азаматтарының саны — 18. Электр энергиясы мен байланыс үзілуі салдарынан олармен хабарласу мүмкін болмай отырғаны айтылды. Сумы қаласында 2 қазақстандық бар. Бұл азаматтар гуманитарлық дәліздер арқылы эвакуацияланады деп жоспарланып отыр. Ал осы дәліздердің ашылуы Ресей мен Украина тараптары арасында талқыланып жатыр.

Киевтегі жағдай ушығуына байланысты қазақстандық дипломаттар Львовқа уақытша көшірілген. Сонымен қатар, олар ҚР азаматтарына көмек көрсету бойынша әлі де штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. ҚР дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 44-і Украина аумағынан шыққан. Ал қалған 13 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты көмек көрсетіліп жатқаны белгілі болды.

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...