Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы Жарлық күшіне енді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел астанасын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгерту туралы жарлығы дүйсенбі, 19 қыркүйекте ресми «Казахстанская правда» газетінде жарияланып, күшіне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев сенбі, 17 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының астанасы — Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы — Қазақстан Республикасының астанасы деп қайта атау туралы» жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтінінде оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілгені атап өтілген

Сонымен қатар, дүйсенбі күні ресми баспасөзде 17 қыркүйекте Тоқаев қол қойған және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енетін конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жарияланды. Түзетулердің бірінде Қазақстанның астанасы Астана қаласы болғаны да бекітілген.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...