Қазақстан +997 телефон кодына 2025 жылы көшеді

Қазақстан 2025 жылдан бастап жаңа +997 телефон кодына көшеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитетінің мәліметінше, еліміз жаңа кодқа 2025 жылдың қаңтарынан бастап ауысады. Комитет өкілдері +997 телефон кодын енгізу туралы жоспар әзірленіп, бекітіліп қойғанын жеткізді.

Қазақстан жаңа кодты өткен жылы резервке алып қойған. Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, қолданыстағы кодты жаңа +997 кодымен бірге екі жыл бойы қатар пайдалануға болады. Ал халықаралық интернет-платформаларды жаңа телефон кодтарына көшіру жұмыстары қосымша иелерімен бірге пысықталуда. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның +997 кодына көшуі туралы айтылған еді. 

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша кездесу өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

«ЕРКІН СӨЗ – 2026» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

✍️ Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank серіктестігінде ұйымдастырылатын...

Выборы в маслихаты – Президент провел консультации с Премьер-Министром и Председателем Курултая

🔹Глава государства провел консультации c Премьер-министром и Председателем Курултая...

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен мәдениетінің айнасы. Әрбір халықтың болмысын, дүниетанымын, салт-дәстүрін,...