«Қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан жоқпын». Қадыров видеоүндеу жасады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардан кешірім сұрап, telegram-арнасында видео жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол кейбір хайп қуған блогерлер сөзін бұрмалап, ортаға от салғанын айтты.

«Ассалаумағалейкум, құрметті достар мен бауырлар! Менің айтпаған сөзімді айтты деп, айтқан сөзімді бұрмалап жібергендерге қатты ренжідім. Маған Қазақстан, қазақ халқы бөтен емес. Менің қазақилық деңгейім кейбіреулерге қарағанда жоғары. Әкем Қазақстанда дүниеге келген. Атам Қазақстанда жұмыс істеген. Атамның ағасы Қазақстанда жерленген. Мен қазақ халқы туралы жаман сөз айтқан жоқпын. Айтылған сөздерім саясатқа қатысты», — деді Рамзан Қадыров.

Сондай-ақ, осыған дейін қызу талқыға түскен видеодағы әңгіме халық туралы емес, саясат, ҰҚШҰ, мемлекеттің саяси ұстанымы туралы болғанын айтты.

«Мен қазақ халқын жақсы көремін. Біз бауырмыз. 1944 жылы шешендермен соңғы нанын бөлісіп жеген қазақтар туралы жаман сөз айтуға өзіме де, өзгеге де жол бермеймін», — деді Шешенстан басшысы.

Қадыров видео соңында бауырлас болып қалуға шақырды.

ПОЛИЦИЯ ҮЙІНІҢ АЛДЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАМСЫЗ ДӨҢГЕЛЕК ЖИНАП, ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері өңірдегі тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗІ

Тілді құрметтеу – ұлтты, елді құрметтеу. Қазақ тілі –...

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...