ҚазҰУ студенті екенімді мақтан тұтамын

          4 жыл бұрын Әл-фараби атындағы ұлттық университетке логистика мамандығына түстім. 4 жыл бұл университетте оқып өз саламда білім алдым.Бұл мен үшін үлкен мәртебе. ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

           Логистика — клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды. Логистиканың негізгі мақсаттары Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Бизнес-техгологиялар кафедрасында логистикадағы білімімді шыңдап,мамандығымды меңгеріп шықтым.Университетке деген алғысым шексіз.

Тоқтарбек Ерлан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Экономика және Бизнес жоғары мектебі

«Бизнес технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 4 курс студенті

Маликова Р.М., Шарапиева М.Д., Бизнес технологиялар кафедрасының аға

оқытушылары

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның...

МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Қазіргі қоғамда адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастардың күрделенуі кей жағдайда...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ НЕГІЗІ

Тіл – ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихи жады мен...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінде цифрлық технологиялардың...