Аяз құрсауынан құтқарылған әйел ҚАЖ қызметкеріне алғыс айтып полиция күнімен құттықтады

Абай облысында Полиция күні мерекесінің қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің бірінде әсерлі кездесу өтті: ҚАЖ қызметкерінің ұқыптылығы мен кәсібилігінің арқасында бұрын аязда адал қазадан құтқарылған әйел өзінің ризашылығын білдіріп, оны кәсіби мерекесімен құттықтауға келді.
2025 жылдың желтоқсан айында қыстың қатал кешінде тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің кәсіптік, қызметтік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі аға инспекторы Бекзат Манапов жол жиегінде қатты аязда қатып қалған әйелді байқады. Ол кідіріссіз тоқтап, әйел адамға алғашқы көмек көрсетіп, оны үйіне жеткізді. Оның жылдам іс-әрекеті мен немқұрайлық танытпауының арқасында азаматшаның денсаулығына қатты зиян келмеген еді. Құтқарылған әйел теледидардағы жаңалықтардан маусым айында Қазақстан Полициясы күні аталып өтілетінін біліп, құтқарушысын жеке құттықтауға бел буған. Мекеме әкімшілігінің қонақжайлылығы арқасында ол өзінің құтқарушысына деген алғысын салтанатты және рухани жағдайда жасай алды.
Сол кеш шықырлаған қатты аяз болды. Автобусты көп тостым. Қол көтерсем де, ешбір машина тоқтамады. Жаныма қара көлік келіп, ішінен полиция маған жақындап келгенде мен аяғымды сезбестей тонып қалған едім. Бекзат Сіз мен үшін нағыз батырсыз. Осындай жас маманды тәрбиелеп отырған мекеме басшылығына алғысымды білдіремін.- деді құтқарылған әйел Майра Нұрпейісова өз құтқарушысына құттықтау хатын тапсырып.
Бекзаттың әріптестері бұл кездесуді мақтанышпен және құрметпен тамашалады. Мекеме басшылығы Бекзаттың әрекеті парыз бен адамдарға қызмет етудің жарқын мысалы екенін атап өтті, бұл әсіресе полиция күні қарсаңында жағымды болып табылады.

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...

Состоялся творческий конкурс «Лучшая стенгазета»

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся...

Семей колониясында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінде жазасын өтеп...