12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АУЫР ҚЫЛМЫС АРТЫП БАРАДЫ

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕН БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БИЫЛ ТОҚСАНДЫҚ ЕСЕПТЕРІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЗАЙЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН ҚУАНА ХАБАРЛАҒАНЫМЕН, АУЫР ЖӘНЕ АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ САНЫ КЕМІМЕК ТҮГІЛІ, ҰЛҒАЙЫП БАРА ЖАТҚАНЫНА ҮЛКЕН ҚЫНЖЫЛЫС БІЛДІРДІ.
Атап айтқанда үшінші тоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 34,4%-ға төмендеген. Бұл бірінші тоқсанда 23,9, ал екінші тоқсанда 35 %-ды құраған болатын. Яғни қылмыс деңгейі 100 мың адамға шаққанда – 90-ға дейін кеміді. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш 2009 жылы (77), ең жоғарғы көрсеткіш 2015 жылы (221) тіркелген. Одан кейінгі жылдары 28-ден 15 %-ға дейін төмендеп келе жатқандықтан, бұл үрдіске ешкім күмәнданбайтыны анық. Тіпті биыл ол жыл соңында 132-ден 80-ге дейін азайса да оған ешкім бөркін аспанға атып қуана қоймас. Ал ауыр және ауыр қылмыстың мәселесі қоғамды ерекше алаңдататын жағдай боп тұр. Өйткені қылмыс пен оған қолданылатын жазаны қатайту мәселесі жұртшылық арасында ғана емес, Президент деңгейінде де жыл сайын айтылып, Үкіметке тиісті тапсырмалар беріліп жатқанымен нәтиже әзірше байқалмай тұр. «Қазақстан Президенті биыл БҰҰ Бас Ассамблеясының 75 жылдық мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде өлім жазасын алып тастау туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы тарихи шешімді жариялады. Оған дейін 2003 жылы мораторий енгізіліп, 2014 жылы өлім жазасына кесудің орнына өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылған болатын. Меніңше, біз қоғамдық сананы өзгертуде айтарлықтай жоғары нәтижеге қол жеткізбей жатып, «қылмыстық жазаны ізгілендіру» деген сөзге үйір боп, шетелдік тәжірибені енгізуге құмартып алдық. Алдымен түрмені қылмыскерге толтырдық. Сосын «әлемде қылмыскер саны жағынан алдыңғы орынға шығып кеттік, оны азайтуымыз керек», – деп қайтадан азайта бастадық. Ал бір рет жаза басқан жанды тәрбиемен, еңбекпен ортаға бейімдеуді назардан шығарып алдық. Соның нәтижесінде оларды масылдыққа үйретіп, оны мойындаудан қашып, әлі күнге дейін біресе ана елдің, біресе мына елдің тәжірибесін енгізіп, салпақтап қазір не анда емес, не мұнда емес, әйтеуір екі ортада алашапқын боп жүрміз. Біздің бұл жағдайымыз «Аттыға еріп, жаяудың таңы айырылыпты дегендей» боп тұр,– дейді Алматы облысы Кербұлақ ауданы Арқарлы негізгі мектебінің педагог-психологы Алтынгүл Жампейісова. Ал ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2014–2019 жылдары басшы болған запастағы полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловтың пайымдауынша, қазіргі жағдайда полиция инспекторларының негізгі қызмет бағыты – құқықбұзушылық профилактикасы. Егер біз осы профилактика жүйесін дұрыс жолға қоятын болсақ, олардың жұмысы қылмыстың деңгейіне де қатты әсер етеді.
– Криминологияда қылмыстың жасалуында – себеп пен жағдай деген бар. Сол қылмысты жасау үшін не себеп болды, қандай жағдай туды деген мәселе бар. Ал біздің заңымыз қауқарлы ма? Біраз заңдарға мен талдау жасап көрдім. Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің арасында байланыс жоқ. Бізде 2014 жылдан бері қылмыстық құқық бұзушылықтан – қылмыстық теріс қылық және қылмыс деген екі үлкен термин шықты. Осы уақытта қылмыстық теріс қылықтың алдын алу бойынша біз қауқарсызбыз. Өйткені ол заңда белгіленбеген. ҚР Қылмыстық кодексінің 10-бабының 1-тармағында «Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай – қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді», ал 3-тармағында «Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, жеке адамға, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке болмашы зиян келтірген не зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасаған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады», – делінген. Яғни, істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) істі қарауға байланысты қабылдаған ұсынуларында қылмыстық құқық бұзушылықтың бір түрі, қылмыстық теріс қылықты ескерусіз қалдыруға құқықтық негіз болып отыр, – деген заң ғылымдарының кандидаты қылмыстық құқықбұзушылықпен күрестегі қордаланған мәселе – қызметкерлердің жалақысын көтерумен емес, заңнаманың дұрыс жазылып, дұрыс қолданылуында, – деп санайтынын айтты. Шынында да рейтингтер мен көрсеткіштер үшін емес, шын мәніндегі заң үстемдік құрған қоғам құру жолында барлық мүдделі тараптардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, жалпыхалықтық талқылау арқылы қабылданған заңның өміршең болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Ал бізде заңның кейбір әлсіз тұстарын өз мүддесіне тиімді пайдаланып, сытылып кеткен немесе жеңіл жазамен сотталып жатқандар туралы жұртшылық арасында айтылып жүрген әңгімеге тоқтау салу ең алдымен Конституция бойынша сайланған Президенттің, одан кейін заң шығарушы жоғары орган саналатын Парламенттің өз қолында тұр.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті» 

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...