Атыраудағы 130 ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қосылды

Атырау облысының 130 елдімекені кеңжолақты интернет желісімен қамтылған. Енді мұнайлы шаһардағы бірнеше шағын аудандағы интернет желісі жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаева мәліметіне сүйенсек, мұнайлы өңірде 153 елдімекен бар. Оның ішінде «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйкес 130 елдімекенге интернет желісі жүргізілген.

«Атырау облысында бұған дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық елдімекендерге интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бағдарламасымен 7 елдімекенге интернет желісі жүргізілді. Бұл – Индер ауданының Жарсуат, Құрылыс, Өркен, Исатай ауданының Нарын, Жаңа Жанбай, Құрманғазы ауданының Шағырлы, Ғ.Әліпов ауылдары. Аталған ауылдар Кселл байланыс операторының 3G және 4G технологиясы бойынша мобильдік интернетпен қамтамасыз етілді. Ал, былтырғы желтоқсан айында Құрманғазы ауданының Жамбыл және Афанасьев елдімекендері интернет желісіне қосылды», -деп хабарлады Қарлығаш Бекбаева.

Оның айтуына қарағанда, биыл Атырау қаласындағы бірнеше шағын ауданында кеңжолақты интернет желісі жаңартылады. Нақтылай айтқанда, «Кар-Тел» ЖШС Еркінқала-2, Ақжар, Ақжар-2, Жұлдыз-3 шағын аудандарында жаңа базалық станциялардың қосымша құрылысын салуды жоспарлап отыр.

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...