12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атырауда Билер кеңесінің 2024 жылғы жұмысы қорытындыланды

Атырау облыстық сотында 2018 жылдың желтоқсанында Атырау облыстық сотының бастамасымен құрылған «Атырау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігі жұмысын қорытындылау бойынша жиналыс өтті.

Іс-шараға Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменов, Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі А.Абдолов, Билер кеңесінің төрағасы және мүшелері, қалалық соттардың төрағалары қатысты. Аудандық сот төрағалары мен аудандық жұмыс тобының мүшелері онлайн-режимде қатысты.

М.Парменов Билер кеңесінің қоғамдағы рөліне тоқталып, олардың татуластырушы-билердің тарихи тәжірибесін жандандыру бойынша белсенді жұмысын атап өтті.

«Билер кеңесінің негізгі мақсаты-қазіргі жағдайды тұрақтандыру және өңірдегі жанжал деңгейін төмендету. Өткен жылы Билер кеңесі нәтижелі еңбек атқарды. Бірлескен түрде біз тараптардың татуласуы жолында одан да биік жетістіктерге қол жеткіземіз деп үміттенемін», — деді М.Парменов.

Билер кеңесінің төрағасы Ахмырза Батырхайыров Кеңестің дауласушылық деңгейін төмендету бойынша атқарған жұмыстарға тоқталып, Кеңестің ағымдағы жылға арналған жаңа міндеттері мен жоспарларын айқындады.

2024 жылы қаланың Билер кеңесімен 471, аудан бойынша 65 сотқа дейінгі материал қаралған, оның ішінде облыс билерімен тараптардың татуласуымен 160 дау шешілген. Көптеген даулар отбасылық-тұрмыстық қатынастарға, мүлікті бөлуге, қарызды өндіріп алуға, тұрғын-үйден шығаруға, залалды өтеуге қатысты болған.

Билер кеңесінің жұмысын халық арасында насихаттау мақсатында түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жарияланып, телеарналарда сұхбаттар ұйымдастырылды, азаматтарды қабылдау және халықпен кездесулер өткізілді.

А.Батырхайыров қазіргі уақытта Атырау облысының Билер кеңесі қоғамдық бірлестігінің құрамында 93 билер тіркелгенін хабардар етіп, оның 43-і қала аумағында, қалған 50-і аудандарда қызмет ететінін жеткізді.

Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Өтешовтың, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі А.Абдоловтың, Билер кеңесі аудандық жұмыс тобы төрағаларының баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ кездесу барысында Атырау облыстық соты, Атырау облысының ардагерлер кеңесі, Атырау облысының Билер кеңесі, «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығы арасында өзара ынтымақтастық туралы төртжақты Меморандумға қол қойылды.

Билер кеңесінің мүшелері өңірде татуласу рәсімдерін дамытуға қосқан үлестері үшін Атырау облыстық соты, Атырау облысы ардагерлер кеңесі, Атырау облысы Билер кеңесі төрағаларының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Бурабайда Ұлттық құрылтай бастамаларының жүзеге асырылу нәтижелері талқылануда

Бурабайда Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырыстары басталды. Күні бойы құрылтай...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық-замана дерті, бәсекелестік пайда болған жерлерде белең алып,...

Жазасын өтеушілердің еңбегін кәсіпкерлерге ұсыну жәрмеңкесі

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесінде...

Пробация есебіндегі азаматтармен «Қылмыссыз өмір – кемел келешек кепілі» атты кездесу өтті

Арал аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен аудандық пробация қызметінің...

Встреча с сотрудниками учреждения ДУИС по области Абай

Начальник отдела анализа контроля за обращениями Департамента КПСиСУ ГП...