Атырау облысы бойынша қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің 79 түзету мекемесінде Халықаралық ИОГА күні аталып өтті

2025 жылғы 21 маусымда Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 79-мекемесінде Халықаралық иога күніне орай сотталған азаматшалар арасында арнайы шара ұйымдастырылды. Аталған күннің мақсаты – жан мен тән үйлесімдігінің маңыздылығын еске салу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Шараға 45сотталған азаматша қатысты. Иога жаттығулары – бұл мекемеде жүйелі түрде өткізіліп тұратын пайдалы дәстүрге айналған. Жаттығу барысында қатысушылар тыныс алу техникасын меңгеріп, дене мен сана арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған .Иога – сотталғандардың ішкі жан тыныштығын сақтауға, күйзеліс пен эмоционалды қысымды жеңуге, сондай-ақ физикалық жай-күйін жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар сотталғандардың оң әлеуметтік бейімделуіне және өз-өзіне сенімділік орнатуына ықпал етеді.

Аталған бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, түзету мекемелеріндегі оңалту жұмыстарының тиімді құралдарының бірі ретінде дамиды деп күтілуде.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...