АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

Мұрат ТЛЕУБЕРДИЕВ, Қарағанды облысының прокуроры

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.

Конституция байырғы қазақ даласындағы ортақ тəртіпті реттеген Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, əз Тəукенің Жеті Жарғысы секілді дала заңдарының лайықты жалғасы. Құжат сондай-ақ құқықтық қайнарлардан тамыр алып, ел тұғырын биіктетуге отыз жыл бойы қызмет еткен алғашқы Конституциямыздың заман талабына сай жетілдірілген, жаңғыртылған нұсқасы. Оған Ата Заңның əр бабына үңіліп, əр өзгерісіне жіті мəн берген отандастарымыздың көзі жетері анық. Конституция – кез келген мемлекеттің басты бағдары, негізгі төлқұжаты. Жаңа басымдықтарды белгілеп, жаңа құндылықтарды айқындаған Конституциямыз шын мəнінде нағыз халықтық, елдік құжат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Біріншіден, Конституция – биліктің емес, халықтың тілегін, қалауын білдіруімен бағалы. Өйткені Ата Заңымыз бойынша Қазақстандағы егемендіктің иесі де, биліктің бірден-бір бастауы да – халық. Екіншіден, Конституция – халықтың ұсыныс-пікірінің түпкі нəтижесі. Дəл осы Конституция сияқты ашық алаңда кең көлемде талқыланған, сарапқа салынған құжат аз. Бұл да халық пікірінің ескерусіз қалмайтынын, заң халық мүддесін қорғау үшін дайындалғанын айқындайтын бірден-бір фактор. Бүгінгідей тарихи сəтте Мемлекет үшін ең басты капитал – бюджет те емес, ресурс та емес. Ең басты капитал – халықтың сенімі екенін де осы Конституция баршамызға ұқтырды. Сенімнің өзегі – ашық талқылау. Ал жаңа Конституция жобасына қатысты азаматтардан 10 мыңнан астам ұсыныс пен пікірдің түсуі халықтың құқықтық сауатының өскенін жəне заңдық өзгеріс терге бей-жай қарамайтынын дəлелдесе керек. Осының өзі Конституциялық талқылаудың билік пен халық арасын жалғаған, ашық диалогты нығайтқан тетік екеніне көзімізді жеткізіп отыр. Конституцияны «халықтық заң» деуіміздің үшінші себебі – мұнда əрбір бап адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына, олардың заң алдындағы тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Халық – қай кезде де басты сыншы. Жан-жақты ойластырылып, халықтың терең сүзгісінен өткен реформалардың елеусіз қалмайтыны түсінікті. Содан болса керек, жаңа Ата Заңды дайындау барысында азаматтардың құқығын қорғаудағы əлемдік механизмдер мейлінше ескерілген. Конституция Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылуымен ерекшеленіп отыр. Яғни, Ата Заңымыз ды жаңғыртуға қадам жасалған кезден бастап мемлекеттік тілдің мүддесі бас ты орынға қойылды. Сəйкесінше енді заңды қолдануда қандай да бір талас туындаған кезде азаматтар əуелі қазақ тіліндегі нұсқаға назар аудармақ. Осы арқылы қазақ тілін заң тіліне айналдыруға, құжаттарды қазақша сөйлетуге негіз қаланып отырғаны қуантады. Бұдан бөлек Конституцияның мазмұндық сипаты да айрықша. Мұндағы жаңа преамбуланың өзі біздің тарихи тамырымызды құндылық ретінде айқындап, қоғамда «Конституция – құндылықтар коды» деген ұғымды орнықтырды. «Тамыры терең тал желден қорықпайды, тарихы кемел ел жерден тарықпайды» дейді дана халқымыз. Тарих пен тамырымызға мəн беруіміздің түпкі себебі де осында. Жаңа Конституцияның тағы бір ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуінде. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның негізгі өзегі ретінде өрілген. Ал бірлік пен келісім, этносаралық жəне конфессия аралық татулық Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде айқындалды. Соңғы жылдары қоғамдық сананың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылған Əділеттілік, Заң мен Тəртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар да алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп отырғанын айта кеткен жөн. Мұндағы келесі маңызды басымдықтың бірі – цифрландырумен өзектес. Бүгінгі заманның талабына байланысты жаңа Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы көрініс тапқан. Соның ішінде жеке деректерді қорғауды адам құқықтарын қорғаудың жаңа деңгейі ретінде қарастырылуы дұрыс шешім. Заң үстемдігін нығайтудың кепілі саналатын Конституцияда сондай-ақ адвокатура мен адвокаттық қызметке арналған арнайы бап қарастырылғаны да өркениет өлшеміне сай. Бұған қоса, дін мен мемлекеттің нақты ажыратылып, неке – ер мен əйелдің ерікті əрі тең құқықты одағы екені Конституция деңгейінде реттелген. Бұл шешім дəстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға жол ашады. 1 шілдеден бастап еліміздің саяси-мемлекеттік жүйесі жаңа модельге сай жұмыс істейді. Қос палаталы Парламенттің орнына бірпалаталы Құрылтай өз жұмысына кірісіп, Вице-Президент, Қазақстан Халық Кеңесі институттары тəжірибеге енгізіледі. Бұл институттардың əрқайсысының құқықтық мемлекеттің заңдық қағидаттарын қамтудағы маңызы ерек. Сонымен қатар көптеген лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты бірреттік мерзім белгіленіп, азаматтар құқығын қорғаудың əлемдік формуласы саналатын – Миранда ережесі қолданысқа қосылмақ. Сөзімізге тұздық болған бұл жаңашылдықтар Конституциядағы іргелі өзгерістердің бір парасы ғана. Ата Заңға айрықша пəрмен берген басымдықтардың барлығы ауқымдылығы, тереңдігі, жаңашылдығы, қарқындылығы жағынан елдегі соны үдерістерге негіз қалары даусыз. Соған сəйкес мұны Қазақстан тарихындағы жаңа өрлеу кезеңі деп атасақ шындықтан алыстай қоймаймыз. Ең бастысы, Ата Заңда төл тарихымызбен бірге Əділеттілік пен тұрақтылық идеясы, Заң мен Тəртіп қағидаты жəне ел іргесін бекітетін, ел тұтастығын нығайтатын факторлар толық қамтылған. Құжаттың маңызы мен құндылығы да осында. Десек те, Конституцияның өз биігінен түспей, өз алаңында салтанат құрып, ел игілігіне ұзақ уақыт сапалы қызмет етуі сіз бен бізге байланысты. Халқы заңын сыйлайтын, тəртіпке бағынатын, бір-біріне құрметпен қарайтын елде ғана Конституция тұғырлы, ғұмырлы болатынын ұмытпаған дұрыс.

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Ана тілімнің дамуы – елімнің дамуы

Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі...

«Өнегелі отбасы – қоғам көркі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облыстық сотының бастамасымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен...