ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.
Шетелдік турист қонақүйден Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бару үшін такси қызметін пайдаланған. Көліктен түскеннен кейін телефонының жанында жоқ екенін байқап, бірден полиция қызметкерлеріне хабарласқан.
Тәртіп сақшыларының жедел жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде такси көлігі анықталып, оның салонынан туристің ұялы телефоны табылды. Құрылғы заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде шетелдік азамат полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, жоғалған мүлкін табуға көмектескені үшін ризашылығын білдірді.
Түркістан қаласының полиция қызметкерлері қалаға келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...