КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ БІР КҮНІ

Көші-қон қызметі инспекторының бір күні – азаматтардың құқықтарын қорғауға, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған жауапты еңбек.
Созақ ауданы полиция бөлімі Көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы Бақберген Қонысбай күнделікті қызметінде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетіп, көші-қон заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс атқарады.
Бақберген Қонысбай 50-ден астам азаматтың құжаттануына көмек көрсетіп, көші-қон саласындағы қажетті қызметтерді алуына қолдау білдірген. Инспектордың бір жұмыс күні азаматтарды қабылдап, жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеуден, азаматтық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуден және шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртібін бақылаудан тұрады.
Қонысбай Бақберген әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, құжаттарды рәсімдеу барысында заңдылық пен мұқияттылықты басты назарда ұстайды. Сонымен қатар тұрғындарға қажетті ақпарат беріп, көші-қон саласындағы заң талаптарын түсіндіреді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...