12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді

Бүгін, 25 қыркүйекте Астананың орталық саябағында атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының өкілдері бейбіт атомның тиімділігін көрсетуге арналған шағын сәулеттік нысанды орнатты. Іс-шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды.

Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы ұйымдастырған «Көмірдің орнына атом» атты бірегей акция мұнай мен көмір секілді энергия өндірудің басқа дәстүрлі көздерімен салыстырғанда атом энергиясының артықшылықтарын көрсетуге бағытталған.

Қауымдастық өкілдері  салмағы 4,5 грамм бір уран таблеткасын, 350 литр мұнайы бар бөшкелерді және 400 килограмм тас көмірі салынған стендті орнатты.

«Бұл адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз, төмен байытылған ураны бар, салмағы небәрі 4,5 грамм болатын  уран таблеткасының нақпішіні. Бір қарағанда елеусіз болып көрінгенімен, оның құрамында орасан зор энергиялық әлеует бар», — дейді қауымдастықтың менеджері Софья Курий. «Бір уран таблеткасы беретіндей энергияны өндіру үшін 350 литр мұнай немесе 400 килограмм көмір қажет болады».

Іс-шараның басты мақсаты, спикердің айтуынша, ядролық отынның жоғары энергия тығыздығын ғана емес, сонымен бірге оның экологиялық тазалығын көрсету болды.

«Мамандардың бағалауынша, салмағы 4,5 грамм бір уран таблеткасын қолданғанда атмосфераға шамамен 20 грамм көмірқышқыл газы (СО2) бөлінеді. 350 литр мұнай жағылғанда атмосфераға шамамен 900 килограмм СО2 бөлінеді. Көмірдің зияны одан да көп – 400 кг көмір шамамен 1000 кг көмірқышқыл газын шығарады, оның шамадан тыс мөлшері біздің қоршаған ортаның нашарлауына әкеледі», — деп атап өтті Курий.

Қауымдастық өкілі атом энергетикасы жай ғана балама емес, болашақтың технологиясы екеніне тоқталды. Ол қазақстандықтарды болашақ ұрпаққа жер шарын таза қалдыру үшін оның мүмкіндіктеріне назар аударуға шақырды.

«Бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер. Атом энергиясының жоғары технологиялық және экологиялық тазалығы туралы мүмкіндігінше көп адам білсін. Біз бірге таза және тұрақты энергетикалық болашаққа қадам жасай аламыз», — деп қорытындылады Софья Курий.

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...