Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

19 желтоқсанда елордадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары! Жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұзайдындар мен сырғанақтар жасалып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады», — деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек салтанатты шарада.

Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген, атап айтқанда 750 метр гирлянд, 360 жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...