Астана қаласының тергеу изоляторында Тәуелсіздік күні  аталып өтті

Қазақстанның Тәуелсіздік күні — жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күні Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған концерт өтті.         

Іс-шараның салтанатты ашылуы Қазақстанның тәуелсіздік алғаны туралы қысқаметражды фильмнің көрсетілімінен басталды. Шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары шара қонақтары үшін еліміз туралы патриоттық әндер орындап, тақырыптық өлеңдер оқыды. Шын жүректен шыққан әндер, қызықты театрландырылған қойылымдар — Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орайластырылған іс-шара тергеу изоляторында осындай қызықты өтті.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...